«Ұлы дала қырандары» Атырауда домбыра жасаудан шеберлік сағатын ұйымдастырды

«Ұлы дала қырандары» Атырауда домбыра жасаудан шеберлік сағатын ұйымдастырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық! Қазақстан Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел Атырау қаласының тұрғындарымен кездесу барысында осындай бастама көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жергілікті халықты өзінің сайлауалды бағдарламасымен тереңірек таныстырған үміткер тұғырнамасында басымдық берілген бағыттарға тоқталды.

Сондай-ақ бұл кездесуде Атырау қаласының он саусағынан өнері тамған хас шебері Тұрлан Бейсенбаев домбыра жасаудың қыр-сырымен бөлісті. Күй атасы Құрманғазы атамыз бен Дина апамыз дүниеге келген өңірде осындай шеберлік сабағын ұйымдастыруды Қазақстан президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің өзі ұсынған.

«Мақсатымыз – Құрманғазы атамыз, Дина апамыз секілді теңдессіз талант иелері шығарған рухани байлықты болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізу. Егер жас ұрпақты ес білгеннен домбыраға үйретсек, онда олар туған жерін, Отанын салт-дәстүрін сүйетін азамат болып өседі», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек ТҮГЕЛ.

«Егер біздің домбырымызды басқалар тартып, басқалар жасап кетсе, онда біз одан айрылып қаламыз. Сол үшін ұлттық аспабымызды өзіміз жасап, өзіміз тартуымыз керек. Бұл – жай базардан сатып алатын зат емес, ол  киелі мұра. Домбыра жасағанда, ең алдымен дыбысқа мән беру керек. Құр ағашты құрап тартқаннан домбыра болмайды. Біз домбырасыз, қамшы мен ер-тұрманыз қазақ емеспіз», – деді күйші, шебер Тұрлан БЕЙСЕНБАЕВ.

Новости партнеров