Ақтауда жол ортасында отырған қыздың видеосы әлеуметтік желіде кең тарап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кадрлардан ақ киімде, қозғалыссыз отырған бойжеткенді көліктердің айналып өткенін көруге болады. Түсініксіз жайтқа қатысты Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәлімдеме жасады.
Мамандардың сөзінше, жол ортасында отырған қыздың денсаулық жағдайы нашарлаған. Ал тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырып, бойжеткенді облыстық ауруханаға жеткізді.