Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының тұсаукесері өтті

23.06.2021 21:47

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қолдауымен жарық көрген туынды рухани баюға, адамды төзімділікке, сабырлы болуға насихаттайды

Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының тұсаукесері өтті. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қолдауымен жарық көрген туынды рухани баюға, адамды төзімділікке, сабырлы болуға насихаттайды. Жинақтың алғашқы тиражы 5000 данамен басылып шыққан. Айта кету керек, көпшілікті діни әдебиеттермен қамтамассыз ету мақсатында жұмысын бастаған «Муфтият» басылымы биыл 20-ға жуық кітаптың тұсауын кесуді жоспарлап отыр.

«Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жалпы жеті бағытта жұмысына басымдық береді. Соның бірі – ихсан рухани тәрбие бағыты. Мен өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған кезде де ихсан-рухани ілімі жөнінде де және кемел адам жөнінде кітаптар жазатынымызды осы бағытта насихат, уағыздар жүргізітінімізді айтқан болатынмын. Ол да өз кезегінде бірден қолдады», – деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы.