Нұр-Сұлтанда 10 жылдан кейін қызғалдақ гүлі қайта отырғызылды

Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz
Саябақ аумағы, тұрғын үйлер мен аулалар ғана емес, сонымен қатар көрікті жерлер де көгалдандырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда 10 жылдан кейін қызғалдақ гүлі қайта отырғызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі astana.gov.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың күзінде қалада 130 мыңнан астам түйнегі отырғызылған. Мереке қарсаңында гүлдеп, жұртшылықтың көзайымына айналды. Бұл туралы «Астана-Зеленстрой» ЖШС хабарлады.

«Осы жылдың ерекшелігі – қалада қызғалдақ гүлінің жайқалып тұруы. Қызғалдақ түйнегі әдетте күзде отырғызылады. Өткен жылдың күзінде 132 мың түйнек отырғызылған. Міне, енді мамыр айында гүлдеп, қаламыздың сәнін арттырып тұр. Қызыл, қызғылт және сары қызғалдақтар елорда тұрғындарының көзайымына айналды. Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтанда қызғалдақ гүлі 10 жылдан бері отырғызылмаған», – деп атап өтті «Астана-Зеленстрой» ЖШС.

«Астана-Зеленстрой» ЖШС хабарлағандай, гүл отырғызу – шыдамдылықты талап ететін жұмыс. Өткен жылдан бері көпжылдық гүлдерге ерекше мән беріліп келеді. Себебі олар салқын ауа райына төзімді болып келеді. Бұл жұмыс барлық ауданда жүргізілді.

Нұр-Сұлтанда жасыл желектер (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызу жұмыстары қала ішінде де, жасыл белдеуде де жүріп жатыр.

Саябақ аумағы, тұрғын үйлер мен аулалар ғана емес, сонымен қатар көрікті жерлер де көгалдандырылған. Мысалы, «Астана Опера» маңында емен бағы, «Астана балет» жанында жасыл бақ, Триатлон паркте мамыргүл бағы болады. Саябақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы суару жүйесі бес есе жақсарды. Суару жүйесі автоматты және механикалық режимде де жүзеге асырылады.

Новости партнеров