Қызылорда аумақтық кәсіподақ ұйымдары Таспиховты қолдау марафонын өткізді

Қызылорда аумақтық кәсіподақ ұйымдары Таспиховты қолдау марафонын өткізді
Сыр өңірінде бүгінде әр сала бойынша 1017 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Кәсіподақтар күші – бірлікте».  Қызылорда аумақтық  кәсіподақтар ұйымдары Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасын  насихаттау үшін арнайы марафон өтікізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оған өңірдегі барлық салалық кәсіподақ ұйымының белсенділері және жастардың қоғамдық бірілестігінің өкілдері қатысты. 

Жалпы, Сыр өңірінде бүгінде әр сала бойынша  1017 бастауыш кәсіподақ ұйымы болса, оған бірнеше мың адам мүше. Ал президенттіке үміткердің үгіт-насихат жұмысы басталғалы бері аймақта  жиырмаға жуық  іс-шара өткен. Бүгінгі  марафон басталмас бұрын Аманкелді Таспиховтың сенімді  өкілдері  жиналған жұртқа  кәсіподақтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары туралы қысқаша баяндап берді. Ең негізі мақсат – кәсіподақтың мәртебесін көтеру.

«Кәсіподақтың мәртебесін көтеру үшін ең бірінші ұжымдық шарт, келісім-шарт пен еңбек қауіпсіздігінің маманы керек. Осы жағын қадағалау керек» – деді Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Серікбай НҰРБЕКОВ.

«Негізінен ең бірінші өз кандидатымыздың мүддесін қорғау үшін сайлауға барып, дауыс беруіміз керек. Себебі оның ар жағында әр кәсіподақтың талаптары мен ұсыныстары жатыр», – деді облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік СЕРМАҒАМБЕТОВ. 


Новости партнеров