Жаңа салынған үйлердің тұрғындарына МИБ құру мүмкін емес

29.06.2022 21:52

Елімізде МИБ-ке көшу мерзімі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды

egemen.kz

Елімізде тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына көшуге монополистер кедергі келтіріп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Салдарынан жаңа салынған үйлердің тұрғындарына Мүлік иелері бірлестігін құру мүмкін емес. Олар үйдің негізгі техникалық құжаттарын алуда қиындықтарға тап болады. Осылай деген МИБ төрағасы Еркебұлан Мыңжасаров тұрғындар тарапынан кедергілердің аздығын айтты. Жалпы Қазақстанда көппәтерлі үйлердің 90 пайыздан астамы басқарудың жаңа формасына ауысқан. Естеріңізге салайық, елімізде  МИБ-ке көшу мерзімі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

«Үй салушы құрылысшы өзінің үйді салып тұрғындарға жекеменшікке сатқаннан кейін ары қарай басқаруды өз қолына алады. Бұл деген құрылысшының кепіл мерзімі бар. Сол мерзім өткенше өзінің басқарушы компанияларымен басқарып, тұрғындарға үйдің қандай сапада салынғанын және инженерлік желісінің қандай сапада орындалғанына көруге мүмкіндік бермейді», – деді МИБ төрағасы Еркебұлан Мыңжасаров.