94 жастағы ҰОС ардагері мектеп оқушыларымен кездесті

22.01.2020 23:38

Майданға небары 15 жасында аттанған бозбала әскери барлаушы болған

Almaty.tv

Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойы аясында қалада бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін Медеу ауданында 94 жастағы соғыс ардагері Иван Ролдугин №35 мектептің оқушыларымен кездесіп, жас буынға тәрбиелік мәні бар өсиетін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Майданға небары 15 жасында аттанған бозбала әскери барлаушы болған. Соғыстан кейінгі ғұмырында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 5 кітап жазыпты. Суретшілік қабілеті өз алдына бір әңгіме. Ардагер 600-ден астам сурет салған. Дені – пейзаж жанры мен әскердегі көріністерге арналған. Қария «бүгінде жастар Ұлы Отан соғысының тарихын жетік білмейді», деп күрсінеді.  

«Бірде мен балалар кітапханасында екінші сынып оқушысын жолықтырдым. Жеткіншектен атақты Панфиловшылар туралы біле ме деп сұрадым. Ол білмейтіндігін, тіпті естімегенін айтты. Сондықтан мұндай кездесулердің жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор деп ойлаймын», – деді ҰОС соғысының ардагері Иван РОЛДУГИН.