Алматыда аз қамтылған отбасылардың баласына оқуға қажетті құрал-жабдық үлестірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайырымдылық іс-шарасы жыл сайынғы «Мектепке жол» науқаны аясында ұйымдастырылған. Жоба бірнеше күн бұрын Алатау ауданында өтсе, бүгін Наурызбай ауданында жалғасты. «Басты мақсаты - жаңа оқу жылы қарсаңында көмек қажет ететін отбасыларға демеу болып, қол ұшын созу» дейді Ассамблея мүшелері.
«Балалардың қуанышы - ол біздің де қуаныш. Бүгінгі науқанда сөмкелер, пенал, дәптер, қаламсап, т,б. керекті құрал-жабдық берілді», - деді қалалық ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Болат Оспанов.
«6 баланың анасымын, күміс алқа иегерімін. Бүгін мектепке баратын үлкен ұлыма сөмке мен құрал-жабдықтар берілді, оның ішінде дәптер, күнделік, қалам бар. Осы жобаны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», - дейді көпбалалы ана Жазира Әбжаппарова.