Операцияның арқасында 5 келі бала дүниеге келді
Шымкентте дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алып шықты, деп хабарлайды sn.kz қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 қыркүйекте Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасына жүктілік мерзімі 36-37 аптаға келген 1978 жылғы әйел шұғыл түрде жеткізілді.
«Ультрадыбыстық зерттеу кезінде әйелдің бауырының оң жақ аймағында үлкен – көлемі 19 см болатын эхинококк киста табылды. Ішінде 36-37 апталық сәбиі бар әйелді аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл ота жасады», - деп хабарлады ведомстводағылар.
Ота кезінде әйелдің толғағы басталып кеткен. Сәтті жасалған операцияның арқасында 5 келі бала дүниеге келді. Нәресте мен ананың жағдайы жақсы.