Елімізде жаңа Су кодексі әзірленеді

13.10.2023 22:00

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің басшысы Нұржан Нұржігітов айтты

tomorrowsworld.org

Жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің басшысы Нұржан Нұржігітов Қазақстанның жаңа Су кодексін әзерлеу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұржан Нұржігітов министрлік қазіргі мәселелер мен жаңа міндеттерді ескере отырып, Су кодексінің жаңа редакциясын әзірлеп жатқанын атап өтті.

"Бастапқы кезеңде біз ұлттық заңнама және су ресурстары саласындағы халықаралық (Аустралия, Германия, Израиль, Канада, Өзбекстан) тәжірибені зерттедік, қолданыстағы су заңнамасының осал тұстарын анықтау үшін бассейндік инспекцияларға жұмыс сапарларын ұйымдастырдық", - деді Нұржан Нұржігітов.

  • Құжат жобасындағы жаңа бағыттардың ішінде:
  • ирригеция және дренаж;
  • сумен жабдықтау және канализация;
  • бөгет қауіпсіздігі бойынша жаңа бөлімдер әзірленіп жатыр.

Жаңа Су кодексі аясында:

  • Суды пайдалану лимиттерінің сақталуын бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында бақылау функцияларын бассейндік инспекцияларға беру;
  • жер үсті және жер асты суларының сапасын басқару;
  • су шаруашылығын мемлекеттік қолдау мәселелері қарастырылып жатыр.

"Осы түзетулер мен жаңашылдықтың бәрін біз мүдделі мемлекеттік органдармен, сала сарапшыларымен, ұйымдармен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, пысықтап жатырмыз. Жаңа Су кодексінің жобасы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ министрліктің құрылымына қатысты су қорын пайдалану және қорғау саласындағы бассейндік инспекциялардың штаттық деңгейін арттыру жұмыстары басталды", - деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ оның айтуынша, министрлік қолданыстағы 15 су қоймасын реконструкциялауды, 20 жаңа су қоймасын салуды, кемінде 3,5 мың шақырым каналдарды жаңғыртуды және цифрландыруды жоспарлап отыр.

Теги: жаңа заң