Петропавлда жыл басынан бері заңсыз саудаланған 4 мыңнан астам алкоголь өнімі айналымнан алынған. Көлеңкелі кәсіпкерлік қызметі үшін 34 құқық бұзушы, ал алкоголь өнімдерін сату туралы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін 22 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соңғы деректердің бірі Петропавлдың Украинский көшесіндегі дүкенде тіркелген. Онда кәсіпкер лицензиясыз 453 литр алкогольдік ішімдікті сатпақ болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мас күйінде қылмыс жасаудың алдын алу негізгі шараларының бірі ол құрамында спирт бар өнімдердің айналымын бақылау. Сондықтан құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзу фактілерін болдырмау мақсатында, кәсіпкерлік нысандарды тексеру бойынша тиісті рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп тұрады», – деді қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары Сейілбек Елжасов.