Министрліктен мәлім еткендей, М.Қожахмет бос лауазымға ротация тәртібімен тағайындалды
Мадияр Қожахмет ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Министрліктен мәлім еткендей, М.Қожахмет бос лауазымға ротация тәртібімен тағайындалды.
Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет 1984 жылы дуниеге келген.
2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, халықаралық құқық магистрі. 2008 жылы Чех мемлекеттік қоғамдық ғылымдар университетін аяқтаған, экономика және менеджмент магистрі.
2003- 2006 жылдары - «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар басқармасының бастығы, орындаушы директоры;
2006-2008 жылдары - «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ Чехиядағы өкілі; 2008 жылы - ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбие жұмысы және жастар саясат департаменті директорының орынбасары;
2008-2012 жылдары - ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры;
2012-2014 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекетті қадағалау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыстары бөлімінің инспекторы;
2014-2017 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің аппарат басшысы;
2017-2019 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2019-2020 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы.