Танымал әзілкеш 2 ғана сұрақ қойып, 17 мың жұпты ажыратты

24.01.2019 22:05

Дэниэл Слосс есімді шотландық әзілкеш ерекше бағдарлама ұсынып, мыңдаған адамның өмірін өзгертті. Оның бір сағатқа созылған күтпеген және нақты философиялық сөздері бүгінгі таңда он мыңдаған жұптарды ажыратып үлгерді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ерекше бағдарлама ұсынған әзілкештің айтуынша, оның ойы шын махаббатқа еш әсер етпейді. Бірақ, егер адам өзінің қазіргі қарым-қатынасында қателіктер жіберетін 80% адамдардың қатарында болса, ол бұл монологта ұсынылған сұрақтарға міндетті түрде жауап беруі керек.

Дэниэлдің сөзі соншалықты теңдесі жоқ резонанс тудырғаннан кейін, ол өздерінің қарым-қатынасын өзі жойған немесе өз тағдырын сақтап қалған адамдар санын есептей бастады. Қысқа уақыттың ішінде бұл көрсеткіш 17 мыңға жетті.

Слосс өз сөзінде жалғыздықтың стигматизациясы тақырыбын талқылады. Сөйтіп, әзілкеш әр адамның балалық шақтан бастап осы оймен өсіп келе жатқандығына түрлі дәлелдер көрсетіп, 7 жасында өмірдің мағынасын әдемілеп түсіндірген әкесінің сөзін келтіреді. Әкесі оған:

«Ал, досым. Әрбір адамның өмірі сурет болып құрастырылатын пазл деп елестетіп көр. Ал біз өмір бойы бұл пазлды ең үздік нұсқаға қол жеткізгенге дейін тәжірибе мен өмірден сабақ алып жинаймыз. Бірақ, әңгіме сенің ол пазлдың қорабын жоғалтып қоюыңда болып тұр. Ал ешкім алда не болатынын білмейді, сондықтан біз жорамалдап жүреміз. Мұнда суретті пазлдың қорабынсыз жинаудың ең жақсы жолы – төрт шетінен жинау: 1-отбасы, 2- достар, 3-хобби, 4-жұмыс. Олардың жағдайы уақыт өте өзгереді. Кейде сен жаңа достар табасың және ескі таныстарыңмен байланыс жоғалтасың. Кейде жұмыс хоббиыңа кедергі келтіреді, ал сен бөліктерді жылжыту арқылы нені көбірек қалайтыныңды шешуің керек. Кейде отбасыңда біреу өміріңе үлкен ойық қалдырып, қайтыс болып кетуі мүмкін. Бірақ, сен сол бос орынды жабуың керек, әйтпесе пазл толық болмайды. Ал ортасында – ол сенің екінші жартың тұрады. Бір күні ол орынға мінсіз бейтаныс қыз келіп, сені және өміріңді толтырады, сенің анаң да маған осылай жасаған», – деген.

Бұдан ары әзілкеш осындай ойдың бір қарағанда заманауи мәдениетте 19-20 жастағы жастардың жиі «өзіне сай емес адамды таңдап және жарамсыз пазлды өз суретіне мықтылап орнатуға тырысады» деген фактіні көрсететінін айтты.

Слосстың ойынша, мұның бәрі көбінің басқалардың да терең, күрделі және толыққанды тұлға екендігін түсінбейтіндіктерінен. 

«Олар да өмірін өздерінің пазлында өткізеді. Олар басқа біреудікіне сәйкес келу үшін, өз суреттерін тастамайды. Егер біреу сізден картинаңызды тастап, өзінікіне кіруін сұраса, сіз де ашуланасыз. Бірақ, егер сіздер бір-біріңізді ұнататын болсаңыздар, онда пазлды да бірге жинайсыңдар. Ал мұны жинаудың қалай шаршатанын бәріміз білеміз. Бірақ, сіз тоқтамай, жалғастырыңыз, себебі сендерді махаббат пен қызығушылық қозғауда. Мүмкін, бірнеше жыл шынымен де бәрі жақсы болады. Біреудің бөлігі сенің пазлыңда, ал сенікі оның пазлында болады. Бірақ уақыт табыспен теңесе алмайды. Осылай біреумен 2 жыл, басқасымен 5 жыл өміріңізді өткізе аласыз, сосын бір күні пазлға қарап, екеуіңіздің түрлі суреттерге ұмтылатыныңызды түсінесіз. Және осы сәтте өзіңізге өте қиын 2 сұрақ қоюға тура келеді. Біріншісі, осы 5 жылдың құры кеткенін мойындаймын ба? Екіншісі, өмірімнің қалған бөлігін бекерге бос өткізіп жүрмін бе?»,- деді Дэниэл сөзін аяқтап.

Монологтың соңында көрермен әзілкештің әкесінің пазлдың орталық бөлігімен қателескенін түсінеді, өйткені онда махаббат емес, бақыт болуы керек еді. Бірақ, әкесі үшін, бұл ұғымдар бір-біріне сәйкес болды.

Ал Дэниэлдің өзі міндетті қарым-қатынастың әлеуметтік үлгісін ұстанудың қажеті жоқ деген қорытындыға келіп: «Егер адам мені кемшіліктеріммен сүймейтін болса, онда ол мені тұтастай сүймейді дегенді білдіреді. Ол маған емес, мен туралы миында құрастырып алған идеяға ғашық. Ал оның үміттерін қанағаттандырмағаныма мен кінәлі емеспін», - дейді.

«Егер сіздің қарым-қатынасыңызда сіз де, жұбайыңыз да бақытты болса, бұл тамаша. Ал егер менің қойғам сұрағым сізге ыңғайсыз болса, онда сіз мен ұсынған жауаптарға таңғалып отырсыз. Себебі, өмірде жасай алатын ең жаман нәрсе – оны өзіңізге сай емес адаммен өткізу. Бұл дүниеде 7,5 миллиард адам өмір сүреді, және сіз жаныңызға жақын адамды үйден 30 шақырым қашықтықтан таптыңыз. Не деген сәйкестік десеңіздерші! Дегенмен, мен махаббатты табу мүмкін емес демеймін. Ал статистикаға қарасақ, сіз оны таппадыңыз. Мен әлемдегі қарым-қатынастардың 80% -ының өтірік екендігіне сенімдімін. Өйткені, жалғыз бола алмайтын көптеген адамдар немесе өзін жақсы көруді үйренбегендер осы рөлге басқа біреуді жалдап алған»,- дейді әзілкеш.

Нәтижесінде, қарапайым әзілкештің бір сағаттық сөзі терапевтік әсер көрсетті. Оның сөзінен кейін көптеген адамдар қарым-қатынасты тоқтату шешім қабылдап және Слоссқа алғыстарын білдіруде.