Кезектен тыс өткізілген Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекелестік пен ашық күрестің нәтижесінде Президент болып сайланды. Алматыда өткен «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысында сөз сөйлегендер осылай деді. Кеңес мүшелері жалпы алғанда бұл сайлаудың кәсіби деңгейде және заң аясында жүзеге асқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі .
«Бұл – жалғыз «Нұр Отан» партиясы ғана емес, Қазақстан халқының жеңісі деп есептеймін. Сондай-ақ Елбасы бастаған үлкен реформаларды одан әрі жалғасатынына сенім білдіргенінің белгісі деп түсінемін. Қасым-Жомарт Тоқаев – халықаралық деңгейдегі ірі саяси мемлекет қайраткері. Ол кісінің сайлауалды бағдарламасындағы басқаны айтпағанда, негізгі үш тетігін айтсақ та жеткілікті», – деді Алматы қалалық «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ.
Ендігі міндет – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын елдің әр азаматы сезінетіндей нақты, нәтижелі жүзеге асыруды ұйымдастыру, – деді отырысқа қатысқандар. Ал, игі мақсатқа жету және рухани жаңғыру реформаларын одан ары жалғастыруға «Мирас» мүшелері де атсалысады.