Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған әдістемелік кітап жарық көрді

02.07.2020 22:09

Қоғам белсенділері кітапты өз тәжірибесіне сүйене отырып жазған

almaty.tv


Елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету технологиясы» атты әдістемелік кітап жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жинақ авторлары – «Араша»  әйелдер баспанасының ұйымдастырушылары Маргарита Ускембаева мен Айгүл Мұстафина. Қоғам белсенділері кітапты өз тәжірибесіне сүйене отырып жазған. Айта кетейік, мекеме 3 жылдан бері тұрмыстың тауқіметін көрген нәзік жандыларды қол астына алып келеді. Осы уақытқа дейін орталықты 300-ден астам жан паналаған.

«2017, 2018, 2019 жылдары бізге 17 орын бөлінді. Яғни 40 жанға қызмет көрсетуіміз керек еді. Алайда бізді паналағандардың саны бұдан асып түсті. 2019 жылы әйелдер мен балалардың саны 115 болса, 2018 жылы 108 адам, ал 2017 жылы жарты жылдың ішінде 67 адам болды», – деді «Араша» баспанасының директоры Маргарита Өскембаева.