Жарты ғасырдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жол
Ұзақ жылдан бері жыр болған Атырау-Астрахань бағытындағы жол құрылысы 2023 жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Мамандардың айтуынша, ел экономикасы үшін маңызды тасжол тақтайдай болады. Көпірлер мен айналма жолдар салынып, қызмет көрсету жақсарады. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында еліміздің батыс өңірінде қолға алынған транзиттік дәліздің құрылысымен танысып қайтқан Almaty.tv тілшісі Асылбек Тойбек толықтырсын.
Атырау-Астрахань бағытындағы мына жолға жарты ғасырдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Әбден тозығы жетіп жүргізушілердің де жүйке жүйесін жұқартқан. Мәселенің түйіні осыдан екі жыл бұрын тарқатылып, мұнда жаңадан жол төсеу жұмыстары басталып кетті. Бүгінде 20 шақырымы пайдалануға берілген. Биыл тағы да 40 шақырымын аяқтаймыз деген жоспары бар. Жалпы жолдың ұзындығы 277 шақырымды құрайды.
Бұл жолдың экономикалық маңыздылығы зор. Ресей мен Қазақстан арасындағы алыс-беріске әсері бар. Күніне күре жол арқылы елдімекен тұрғындары ғана емес, жүздеген жүк тасымалдаушылар қатынайды. Алайда жолдың сыйқы осындай. Діттеген жерге жету үшін қаражат пен уақыт кетеді, жүйкеміз жұқарады, дейді жүргізушілер.
БЛИЦ:
- Бұрынғы жол өте нашар, өте нашар. Қазір ақау бар.
- Выносим, терпение. Люди работают, усталость от дороги, потому что ее не было.
- Очень трудно. Машины угробили...
Ми қайнатар аптап ыстық болса да жұмыс қарқыны бір бәсеңдемеген. Мердігерлер құрылысқа білек сыбана кіріскен. Айта кетейік, Атыраудан Ресей шекарасына дейінгі жолдың 60 шақырымы республикалық бюджеттен қаржыландырылса, 217 шақырымы Еуразиялық даму банкі есебінен салынуда. Жобаның жалпы құны – 90 миллирд теңге.
«Биыл жұмыстың негізгі қабаттары жүргізіліп жатыр, астыңғы қабаттары. Жоба бойынша осы жолдың бетін, негізгі слойдың астыңғы қабатын жайып бітіру керекпіз... + 277 шақырымның ішінде 20 шақты көпір бар. Содан 12-13 мал өткелі бар», – деді «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ Атырау филиалының директоры Қайырболат Ізбасов.
Атырау қаласынан шыға бере Махамбет ауданының маңында алғашқы көпірдің де құрылысы басталып кеткен. Қашықтығы 312 метр. Алдағы екі айдың ішінде құрылысы толық аяқталады деп жоспарланған.
«Қазіргі таңда осы жерде 35 мамандандырылған жұмысшылар қызмет жасауды. Бетоншылар, арматурашылар. Арнайы жеті техникамыз бар. Қазіргі таңда демонтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, төменгі бөлігінде свай қағу жұмыстары бітті. Содан жоғары бөлігінде ростверу деп талады жоба бойынша. Соның арматура каркастарын тоқу жұмытары жүргізіліп жатыр», – деді мердігер компания басшысы Адайбек Қамысбаев.
Ал, бұл Құрманғазы ауданының аумағындағы 39 шақырым жолды түрік компаниясы салып жатыр. Бүгінгі күні жұмыстың 80 пайызы орындалған. Мұндағы 7 көпірдің құрылысы да аяқталуға жақын. 215 адам еңбекке жұмылдырылыпты.
Асылбек Тойбек, Нұрлан Өтеген, «Алматы» арнасы