Алматыда «Аманат» партиясының есеп беру жиыны өтті

14.04.2022 22:13

Саяси ұйымның қалалық филиалы уәделердің дер кезінде орындалуын қамтамасыз етпек

Almaty.tv

Алматыда «Аманат» партиясының есеп беру жиыны өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісінің айтуынша, қазір шаһарда әлеуметтік, инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Өз кезегінде саяси ұйымның  қалалық филиалы сайлау алдындағы уәделердің дер кезінде орындалуын қамтамасыз етпек.

«Бүгінгі екі мәселе қарастырылды. Бірінші мәселе сайлау алдындағы бағдарламалардың орындалуы, екінші мәселе жаңадан құрылып жатқан қоғамдық кеңестің жұмысын жүргізу. Фракция депутаттарының жұмысын Президенттің жолдауы аясында талқылау», – деді «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев.

«Біз сайлауалды бағдарламаларымыздың жол картасын жүзеге асырумен байланысты барлық сұрақты мұқият қарап шықтық. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді қарастыра отырып, көгалдандыру жұмыстарын атқардық. Биыл білім ордаларының қатарын толықтыру да жоспарда бар», – деді «Аманат» партиясының фракция жетекшісі Ләззат Ибрагимова.