Қайырымды істі Бостандық ауданы да жалғасуда
Қайырымды істі Бостандық ауданы да жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұнда да азық-түлік салынған себеттер мекен-жайға жеткізу үшін көлікке тиелді. Көмекке мұқтаж жандардың арасында аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 1-2 және 3-топтағы мүгедек жандар мен жалғызбасты қарттар бар.
«Бостандық ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін 6 мың отбасына көмек берілді. Оның ішінде төрт мыңға жуық бетперде берілді. 900-ге жуық адамға өзіміздің демеушілеріміз арқылы отбасына бердік. 2000-ға жуық адам «Жаңа Алатау» қоры арқылы еріктілер таратып берді. Өзіміздің аппараттың жігіттері де ерікті болып жүр. Әлеуметтік қызметкерлеріміз де ерікті болып жүр», – деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан БАЛБАЕВА.