Көктем мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты – қазақ қоғамындағы келіндер рөлінің маңыздылығын көрсету
Бүгін Әуезов ауданының көпбалалы аналары арасында «Келіндер пати» сайысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көктем мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты – қазақ қоғамындағы келіндер рөлінің маңыздылығын көрсету. Сайыста бақ сынаған 5 қатысушы таныстыру, қолөнер, тағам дайындау сынды кезеңдерге жоғары дайындықпен келген.
«Бұл шараның ерекшелігі осы ауданда орналасқан белсенді әйел азаматтардың ұйымдастырған шарасы. Тақырыпты таңдағаны орынды. Қазіргі таңда өзіміздің һсалт-дәстүрімізді жандандыру, ұмытылған дәстүрлерді көрсету осы көпшілікке. Қазіргі таңда, әсіресе, өскелең ұрпаққа керек», – деді Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.
«Бұл жердегі басты мақсатымыз – келіннің келешек ана екенін, болашақ ұрпақты тәрбиелеп отырғанын түсіндіру. Келіннің қоғамда да, үйде де орнының ерекше екенін айқындау», – деді Әуезов аудандық «Бақытты отбасы» орталығының әлеуметтік қызметкері Назым Смағұлова.