Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазба жариялады
«Таңертең ұшуым керек болды. Қарасақ сағат 6.30-да Scat, 7.00-де Bek Air ұшағы тұр. Содан Жания директорым «Әпке, 7-ге алайық, жарты сағат болсын ұйықтап алыңыз» деп айтты. Бірақ мен «оданда ертерек бара берейік, 6.30-ға алшы» дедім. Алайда Bek air ұшағына билет жоқ болды да, тап сол кездегі Scat ұшағымен ұштым. Әуежайға жетісімен әлгі ақпарды түсе сала әлгі ақпарды естігенде, жүрегім аузыма тығылды. Елімізде тыныштық болсын. Қайғылы оқиға ешкімге оңай соққан жоқ», - деді белгілі актриса, әнші Айгүл ИМАНБАЕВА.