Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Дүниежүзілік балалар күні екенін еске салды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Дүниежүзілік балалар күні екенін еске салды. Бұл туралы ел басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгін бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Балалардың құқығын, денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа білім беріп, дамыту – біздің басты мақсатымыз. Біз Қазақстандағы барлық балалардың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек. Біз әр баланың үніне құлақ асуымыз қажет», – деп жазды Президент.
Айта кетейік, 1954 жылы Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы «Дүниежүзілік балалар күнін» барлық елдерде мерекелеуді ұсынды.