Фильмге кәсіби актерлердің орнына, дәрігерлер түскен
Алматыда коронавирус инфекциясымен еш дамыл көрмей, ұйқысыз, демалыссыз күресіп жүрген дәрігерлердің ауыр жұмысы туралы фильм түсірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Экшн камерамен түсірілген фильмнің ерекшелігі – оқиғаның шынайы өмірден алынғанында. Фильмге кәсіби актерлердің орнына, дәрігерлердің өздері түскен.
Аталмыш фильмнің үзіндісін Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Көбінесе коронавирустың бар екеніне сенбей, не үшін қамалғанын сұрап, тест қорытындысын талап ететіндер бар. Мысалы, бүгін екі адам емделіп шыққалы жатыр. Адамдар дәрігерлердің сөзіне қарағанда «Ауырғандардың түрін, видеосын көрдіңдер ме?» дегендердің сөзіне көбірек сеніп кетеді. Амал қанша, бәріне шыдаймыз. Ұйықтап жатқан баламыздың басынан иіскеп, жарымызға аманат етіп, қоштасып кеттік...», - дейді фильмде дәрігер анестезиолог және реаниматолог Мұрат Аманбаев.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Асет Мукажанов (@aset.mukazhanov)3 Май 2020 в 2:30 PDT