Статусы жоқ азаматтар ай сайын 2 мың 525 теңге төлеп, медициналық көмек ала алады
Алматыда статусы анықталмаған 55 мыңнан астам азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енбей, медициналық көмек алудан тасада қалып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мамандардың айтуынша, бұл қала тұрғындары күн көріп, нәпақа тапқандарымен оны көрсетуден, ашып айтудан қашқақтаса керек дейді. Тіпті, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді құп көрмейтін статусы жоқ азаматтар, ай сайын 2 мың 525 теңге төлеп, медициналық көмекті ала алады екен.
«Төленетін қаржы бар. Ол-есеп деп аталады. Айына 1 АЕК төлеп, әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысса болады. Ол өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған азаматтарға арналған төлем, ешқандай кәсіпкер ретінде тіркелмей, сол жерден төлеп, әлеуметтік сақтандыру шартына қатысса болады», – деді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр ӘЛКЕБАЙҰЛЫ.
Біріңғай сақтандыру пакетін төлемесеңіз, емханадағы тегін медициналық көмекті ала алмайсыз деген сөз емес. Тек, күрделі ота мен құны қалтаға қымбат түсетін тексерістерді сақтандырудың аясында ала алмайсыз.