«Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұжымы қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Халықаралық қарттар күніне орай өткен мерекелік концерт Алматы қалалық мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұжымы мен Сәуле Жанпейісова сынды халыққа танымал өнерпаздар қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қошеметке бөленген қариялар да алғыс жаудырып, ризашылығын білдірді.
«Пандемиялық жағдайға қарамастан, біз де өзіміздің орталықта ата-апаларымызды шақырып, рухтарын көтеріп, ән мен жырмен кішкентай болса да, көңіліне қуаныш сыйлауды мақсат деп санадық», – деді Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығының жетекшісі Роза Жүнісқызы.
«Бүгінгі іс-шара өте ұнады, орынды. Қазіргі бар замандастарыммен бірге іс-шараға келгеніме өте қуаныштымын», – деді Алатау ауданының ардагері, мәдениет қайраткері Роза Құспанқызы.