Іле ауданында "Сервистік әкімдік" ашылды

24.08.2020 22:39

Жыл соңына дейін барлық ауданда ашу жоспарланған

Аlmaty.tv

«Open space» форматы Алматы облысында да кеңінен қолданылып жатыр. Іле ауданында сондай сервистік әкімдік ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталықта халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін бөлімдердің мамандары «Open space» форматында қызмет көрсетеді. Бұдан былай тұрғындар ауданның әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмайды. Бірнеше қызметті бір ғимараттан алады. Боралдай кентінде де осындай мекеме бой көтерді. Жергілікті билік ескі ғимаратты жөндеп, халық игілігіне пайдалануға берген. Жалпы облыста 8 сервистік әкімдік тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр. Жыл соңына дейін барлық ауданда ашу жоспарланған.