Жылқы ауруы: Қарағанды облысында карантин жарияланды

21.02.2024 01:35

Өңірде жылқы сойып, еті мен сүтін сатуға және қолдануға тыйым салынды

Almaty.tv

Қарағанды облысына қарасты 4 елдімекенде карантин жарияланды. Себебі жылқы малын белгісіз дерт дендеп, жара шыққан. Кейіннен бұл аурудың эпизоотиялық лимфангит екені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір өңірде жылқы сойып, еті мен сүтін сатуға және қолдануға тыйым салынып отыр.

Еске салайық, былтыр мамырда Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында жұмыр тұяқтылар белгісіз кеселден қырылған еді. Кейіннен Үлгі және Төрткөл бөлімшелерінде де мал арасында осы аурудың тарағаны мәлім болған. Сондай-ақ Қарқаралы ауданына қарасты Ынталы ауылында да екі жылқыға дерттің жұққаны айтылды. Мамандар тексеруінен кейін өңірде жалпы 180 бас малдың көзі жойылған. Тағы 10-ы оқшауланған. Ал жұқса, жануардың денесін ірің жайлап, жүріп-тұрудан қалдыратын кеселдің әзірге емі жоқ көрінеді.

– Лабороториялық қорытындыдан эпизотиялық лимфангит дәлелденді. Бұл ауруға «Отар» ғылыми-зерттеу институты вакцина шығарылған. Ол зертханалық  жай-күйде тексерілді. Вакцинаны карантин қойылған аумақтың сау малдарға егу жүргізуге дайынбыз, – деді облыстық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында браконьерлер ұсталды