Қазақстанға өтпек болған 10 қылмыскер саусақ ізі арқылы анықталған

28.03.2024 22:42

ІІМ еліміздегі сауда орталықтарын тексеріп жатыр

elements.envato.com

ІІМ еліміздегі сауда орталықтарын тексеріп жатыр. Ведомство басшысының орынбасары Игорь Лепеха 500 шаршы метрден асатын ірі сауда орындары, концерттік залдар лаңкестікке осал ғимараттар санатына жататынын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Білім беру, денсаулық сақтау сынды адам көп жиналатын жерлер де аталған санатқа енгізілген. Сондықтан мұндай орындарға жоспарлы тексеру жүріп жатыр.

– Сауда орталықтарын бақылау жұмыстарын жүргіземіз. Қожайынына техникалық қуат мәселесін қарап, ұсыныс айтамыз, – деді ҚР ІІМ орынбасары Игорь Лепеха.

Сондай-ақ Игорь Лепеха 1 қаңтардан бастап елге келетін шетелдіктердің міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтіп жатқанын еске салды. Биыл Қазақстанға өтпек болған 10 қылмыскер саусақ ізі арқылы анықталған.

Оқи отырыңыз: Алматыда су тасқынына қатысты жағдай тұрақты - Нұрлан Атығаев