Белгілі кәсіпкер, меценат Айдын Рахимбаев Ресейдегі мобилизациядан қашып, елге келген қандастарға көмектеспек. Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қандас бауырлар!
Соңғы күндері көрші елде орын алып жатқан жағдайлар бізге де ауыр тиіп жатыр. Мобилизация деген сұмдық нәрсе ғой. Әсіресе Орынбор, Омбы, Астрахан өңірлеріндегі майданға жүздеген қазақ бауырымызды да алып кетіп жатыр екен. Жасын да, кәрісін де. Обал-ай... Кеткендердің көбісі аман келмейтінін білеміз ғой.
Сондықтан біз жігіттермен ел келген әскер жасындағы қазақтарға Астана, Атыраудағы жатақханалардан орын мен тамағын беріп, көмектесетін болдық. Елге қарай келсе болды ғой. Ағайындар, қазір сөз бен дау көп, бірақ көп дауласпай, өзіміздің қарапайым қазақтарымызды құтқарып қалайықшы.
Осындай жағдайларда бір-бірімізге қолдау көрсетпесек, қашан және кім көрсетеді?
Осы жағдайдағы бауырларымыз болса, жекеге жазыңыздар. Көмекшілерім қажетті ақпаратты береді», – деп жазады ол.