Бұл туралы "Білім-инновация" қорының вице-президенті Нұрбол Төлебаев мәлімдеді
2021 жылғы 25-30 сәуір аралығында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша өткен республикалық олимпиада қорытындыларына сәйкес, Білім-инновация лицейлері (бұрынғы Қазақ-Түрік лицейлері) үздік деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі matritca.kz-ке сілтеме жасап.
БИЛ оқушылары сарапқа салынған 122 алтын медальдың 38-ін, 214 күміс жүлденің 71-ін, 349 қола медальдың 120-сын, жалпы жиынтығы 229 медаль жеңіп алған. Бұл туралы "Білім-инновация" қорының вице-президенті Нұрбол Төлебаев өзінің facebook парақшасында мәлім етті.
Нұрбол Төлебаевтың айтуынша, Білім-инновация лицейлерінің оқушылары 1994 жылдан бері республикалық олимпиадаларда 22 мыңнан астам медаль жеңіп алған.