Спорттан бөлек өзінің айдай сұлу көркімен жанкүйерлерін тәнті еткен волейболшы қыз Сабина Алтынбекова алғаш рет ана атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сүйінші хабармен Сабина өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Ол 5 қазан күні ұл босанды.
«Сені тағытсыздана күткендей, өмірімде бір де бір ер адамды күтпеппін, балапаным менің. Махаббат пен мейірімге толы отбасыға қош келдің», – деп жазды ол.
Айта кетсек, Сабина Алтынбекова 2020 жылдың 25 желтоқсанында тұрмысқа шықты. Арудың таңдауы 33 жастағы алматылық жігіт Саят Тостықбаевқа түсті. Жас жұп мұсылман дәстүрі бойынша мешітте некесін қиды.