Атырау облысында 3 қарашадан бері іздеуде болған балықшылар табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сілтеме жасап.
"Амангелді" және "СефКаспийФиш" ЖШС-ның төрт балықшысы сәрсенбі күні металл қайықпен теңізге шығып, төрт күн бойы хабар-ошарсыз кеткен.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті олардың басшыларына телефон арқылы хабарласқанын жеткізді.
"Осы жылдың 7 қарашасы күні сағат 09:30-да балықшылар ұялы телефон арқылы басшыларына аман-сау екенін, көмекке мұқтаж емес екенін хабарлаған. Олар Жанбай ауылынан 50 шақырым қашықтықта жүрген", – деп хабарлады ТЖД.
Құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздікті сақтау іс-әрекеттерінің алгоритмін еске салды:
қайығыңыздың жағдайын тексеріңіз;
құтқару кеудешесін алуды ұмытпаңыз;
қайығыңызға артық жүк салмаңыз;
қайығыңыз абайсызда аударылған жағдайда қайықты ұстап тұрып, қайраңға жүзуге тырысыңыз;
төтенше жағдай болғанда "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.