Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 50 бала суға батқан

12.07.2019 22:53

Жалпы суға кетіп, мерт болғандардың саны 126 адамды құрап отыр

Бұл ел тұрғындарының қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан болуы мүмкін дейді мамандар. Сондықтан олар ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Еліміздің су қоймаларында суға кетіп, мерт болғандардың саны бүгінге 126 адамды құрап отыр. Олардың – 50-і балалар. Суға кеткендер саны жағынан Ақмола облысы көш бастайды. Онда ай сайын 15 адам көз жұмса, Алматы облысында – 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында  – 16 адам, Батыс Қазақстанда – 13 адам, Павлодар облысында – 9 адам, Түркістан облысында – 11 адам көз жұмады», – дейді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимер БЕККЕР.