Халықаралық шараға халықаралық қазақ ПЕН клубы мен қала әкімдігі ұйытқы болып отыр
Екінші рет өтетін халықаралық жазушылар форумына Моңғолия, Түркия, АҚШ, Англия, Франция, Германия сынды елдерден танымал қаламгер, аудармашы, публицистер шақырылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ал отандық жазушылар арасынан Әбдіжәміл Нұрпейісов, Олжас Сүлейменов, Дулат Исабеков, Ұлықбек Есдәулет және Смағұл Елубаев сиықты классиктер бар. Олар үш күн бойы аударма өрісін кеңейту мәселелерін талқыламақ. Мұндағы мақсат – әдебиетке жаңа арна ашу, қазақ әдебиетін әлемге насихаттау. Халықаралық шараға халықаралық қазақ ПЕН клубы мен қала әкімдігі ұйытқы болып отыр.
«Біздің жазушыларымыз ұлттық әдебиетті жасайды. Ал енді аудармашылар әлемдік әдебиетті жасайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда аударма мәселесі өте қиын жағдайда. Форумға 20 шақты елден белгілі жазушылар мен публицисттер, аудармашылар және 70-80 шақты жазушы келеді», – деді Халықаралық қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді ҒАБДУЛЛИН.