Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайына көз жұма қарауға болмайды
Бүгін бүкіл әлемде әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні атап өтілуде. Қазақстанда әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы күреске зор мән беріледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
- Президент өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында "көптеген отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына көз жұма қарауымызға болмайды" деп кезекті рет атап өтті. Қазір Мәжілістегі депутаттардың бір тобы заңға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулер енгізу туралы бастама көтеріп, жобаны әзірлеуде. Қоғамды селт еткізген соңғы қылмыстар отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою жұмыстарын одан әрі күшейту қажеттілігін білдіреді, - дейді Ерлан Қарин
Сондай-ақ ол бұл ретте қабылданып жатқан институционалдық және заңнамалық шаралардың қылмысқа және кез келген түрдегі зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырмай тиісті нәтиже бермейтінін дұрыс түсінгеніміз абзал екенін ерекше атап көрсетеді.
- Азаматтардың соңғы оқиғаларға қатысты алаңдаушылығы біздің қоғамда отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеушілігі күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Осылайша, қоғамдағы өзгерістер мемлекет қабылдаған шаралармен қатар әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторына айналуда, - делінген Мемлекет хатшы жазбасында.
Айта кетсек, Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева да мәлімдеме жасаған болатын.
Оқи отырыңыз: Аида Балаева: Қазақстанда әйелге зорлық-зомбылық қылмыстар жантүршігерлік сипат алуда