Үш күнге созылатын іс-шараға 100-ден аса тыңдарман қатысады
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде радикализмді алдын-алудағы Қазақстан мен Түркияның тәжірибесін саралайтын қысқы мектеп жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үш күнге созылатын іс-шараға 100-ден аса тыңдарман қатысады. Радикализмнің алдын-алу мәселелері өте өзекті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мемлекеттің қауіпсіздігі және ішкі тұрақтылықты сақтау үшін маңызды.
«Халықаралық қысқы мектеп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ұйымдастыруымен және Алматы қаласындағы Түркияның бас консулдығының қолдауымен басталды. Бүгін Астанадағы елшіліктен Дін істері бойынша кеңесші келіп отыр. Өйткені, мәселеге мемлекеттік қолдау және бірізділік керегін айқындай түсті», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев.