Сенат Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобасын қайтарды

20.12.2021 23:08

Құжатты талқылау барысында сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізді

agka.kz

Сенат Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Заң жобасына сәйкес омбудсмен қол сұғылмаушылық кепілдігін алады, сондай-ақ оның қызметіне араласуға тыйым салынады. Уәкіл айрықша қоғамдық маңызы бар жағдайларда тікелей ел Президентіне, Парламент палаталарына және Үкіметке өтініш жасай алады.

Құжатты талқылау барысында сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізді.  

«Бүгін қаралған заң жобалары Президентіміздің тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді. Олар елімізде адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа құқықтық ортасын қалыптастырады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі мен қызметінің негіздерін бекіту арқылы ұлттық құқық қорғау институтын жаңғырта аламыз. Ұсынылып отырған жаңашылдықтардың тағы бірі – омбудсменнің өңірлердегі өкілдерінің мекемесін құру екенін атап өткен жөн», – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Теги: человека