Алматылық үш мың оқушы «Nur Otan» партиясы филиалдарының көмегімен мектепке жиналды. Партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, акция барысында мегаполистегі нұротандықтар мен депутаттар белсенділік пен мейірімділік танытты, деп хабарлайды Almaty.tv
«Балаларды мектепке дайындау кезінде аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасылардың төңірегіндегі ұйымшылдық – бұл партияның Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының нақты іске асырылуының нәтижесі. Біздің мегаполисте ұсынылған партияның барлық сегіз филиалы кезекті рет жүректілік пен бірлікті көрсетті. Бұл қайырымдылық акция әлі жалғасатын болады», – деді Мейіржан Отыншиев.
Көмекке аса мұқтаж 1744 отбасылары мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етілді. Партияның қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, депутат Зәуреш Өмірбаева Алмалы ауданының оқушыларына кеңсе тауарларымен жабдықталған 1000 рюкзак сыйға тартты. Ал оның Кеңес бойынша орынбасары, депутат-меценат Ерболат Қасымов алматылықтарға оқу жылы қарсаңында жыл сайын қайырымдылықпен кеңінен танымал.
«Биыл балаларға кеңсе тауарлары бар мектеп рюкзактарынан басқа, отандық өндірушіден мектеп формасын сатып алуға сертификаттар беруді ұйғардым. Сертификаттар келесі жылдың соңына дейін жарамды, егер осы жылы ата-аналар балаларға мектеп формасын алмаса, келесі жылы сатып алуға болады», – деп атап өтті нұротандық Қасымов.
Жетісу ауданында нұротандықтар әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 350 оқушыны қамтып, олардың 100-і белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннен рюкзактар алды. Медеу ауданында нұротандықтардан 200 бала сыйлық алды, Наурызбай ауданында 120 бала болса, оның жартысына партияның Наурызбай аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері мектепке дайындалды. Түрксіб ауданында депутат Шухрад Шардинов жүз оқушыға жалпы сомасы 1 млн теңгеге сыйлық табыстады. Сонымен қатар, оның басшылығымен «АЗМК» зауытында жұмыс істейтін 48 көпбалалы отбасы осы акцияға орай ақшалай көмек алды.
«Біздің зауытта 12 отбасылық әулет жұмыс істейді, сондықтан біз бұл дәстүрді алдағы уақытта да жалғастырамыз және алматылықтардың өскелең ұрпағы өз ата-аналарының жолымен жүреді деп үміттенеміз!» – деді нұротандық Шардинов.