Төрт жылда еліміз түгел сумен қамтылады

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Қазақстанның барлық өңірін жүз пайыз сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, Almaty.tv тілшісі.

 Оның айтуынша, бүгінде қазақстандықтардың 90 пайызы немесе 16 миллионнан астам халық орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Қалған 10 пайызы таза ауыз суға тек 2023 жылы ғана емін-еркін қол жеткізе алады. Ведомство әсіресе ауылдық жерлерге су жеткізуге барынша күш салмақ.

«Біз бүгінгі таңда ауылдарды сапалы және ауқымды сумен қамтамасыз ету жоспарын әзірледік. Ауыз су өткізу мақсатында санитарлық сапа нормаларына сәйкестендіріп, оны тазартатын кешенді блок-модульдер орнату орынды. Осылайша халық саны 200 адамнан кем 1333 шағын және  тұрғыны 200-ден асатын 1 274 ауылдар орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етіледі. Көздегеніміз – миллионнан астам адам өмір сүретін 2 600 ауылға су жеткізу», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман СКЛЯР.  

Үкіметте қалалардағы кәріз құбырларын тазарту құрылғылары жайына да әңгіме өрбіді. Роман Скляр бүгінде еліміздегі 80 шағын және ірі шаһарлар үлесіне небәрі 58 тазалау құрылғылары келетінін айтты. Оның өзінде жүйенің 60 пайызы тозған. Мамандар құрылғыларды жаңарту үшін шамамен 330 миллиард теңге қажет деп отыр.

Новости партнеров