Бүгін AKIMAT LIVE бағдарламасында кәсіпкерлікті дамыту тақырыбы қозғалады

07.11.2019 15:00

Сұрақтарыңызды тікелей эфир кезінде студияға хабарласып қойсаңыздар болады

wfin.kz

Алматыда қалай кәсіпкер болуға болады?

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің рөлі қандай?

Алып шаһарда әлеуметтік, инфрақұрылымдық және экологиялық жобалар қалай жүзеге асыуда?

Осы және өзге де сауалдарға бүгін, 7 қараша кешкі 20:00-де AKIMAT LIVE тікелей эфирінде Алматы қалалық «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» басқармасының басшысы Асқар Білісбеков жауап береді.

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» басқармасының басшысына қояр сұрақтарыңызды мына нөмірге жіберсеңіздер болады: WhatsApp 8 777 046 33 33, сондай-ақ Almaty TV арнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook парақшасына пікір қалдыра да аласыздар.

Сұрақтарыңызды сондай-ақ тікелей эфир кезінде студияға хабарласып қойсаңыздар да болады.

Бағдарламаның тікелей эфирін Аlmaty.tv арнасының Facebook и YouTube парақшаларынан көре аласыздар.