Павлодарда "Айбыны асқақ - Ата Заң" атты республикалық айтыс өтті
Бас жүлде 1 млн теңге. Айтысқа қатысқан барлық ақын жүлдеге берілген ақшалай сыйақыны Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге аударды. Бұл туралы белгілі журналист Оңғар Қабден өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Павлодарда "Айбыны асқақ - Ата Заң" атты республикалық айтыс өтті. Айтысқа қатысқан әр ақынға ынталандыру сыйлығы тағайындалған болатын.
Айтыстың жеңімпазы, 1 млн теңге - бас жүлденің иегері Мұхтар Ниязов сондай-ақ 1-орын Аспанбек Шұғатаев, 2-орын Мұрадым Мирланов, 3-орынға ие болған Рауан Қайдаров Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге ақшалай сыйақыны аударған.
Айта кетейік, Қостанай облысында орман өртінен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланып, 1800 адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр.