Жер сілікінісінен кейін нысандардың қабырғасына сызат түсуіне байланысты құрылыс басқармасының түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жер сілкінісінен кейін бірқатар білім нысанының қабырғасына сызат түскені байқалады. Негізінен бұл зақымдану әрлеу материалдарына қатысты, салмақ түсетін құрылымдарға әсер етпейді.
ТЖД, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қала құрылысын бақылау басқармасы, аудандық сәулетшілер және басқа да уәкілетті органдар мамандарынан құралған арнайы комиссия барлық әлеуметтік нысанды тексереді. Соның нәтижесіне сәйкес, барлық тиісті шара қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, жедел штаб хабарлағандай қалада ғимараттар айтарлықтай зақымданбаған. Тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Оқи отырыңыз: Алматы аумағында қуатты жер сілкінісі бола ма - мамандар болжамы