Тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар қатарында шаһар басшысының орынбасары, сәулет және қала құрылыс басқармасының бөлім басшысы бар
Орал қаласының әкімінен бастап Батыс Қазақстанда бірқатар шенділер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Прокуратура ақпаратынша, олар «Кублей» зауытына қатысты заңсыздыққа жол берген. Тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар қатарында шаһар басшысының орынбасары, сәулет және қала құрылыс басқармасының бөлім басшысы бар. Қазіргі таңда істі қарап жатқан құзырлы орган әлі толық шешім шығарған жоқ.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес, сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына, бақылауға алуына болмайды. Сонымен қатар, облыс және Орал қаласы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша қала әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғалары және «Ирменова Ж.С.» ЖК тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз.
«Осыдан 1 ай бұрын Орал қаласының соты істі қос тараптың ымыраға келуі үшін тоқтатқан болатын. Алайда, бұл шешімге кәсіпорын тарапы қарсылық білдірген. Зауыт адвокатының айтуынша, өндіріс ымыраға келу туралы арыз бермеген», – деді БҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Әкімдіктің тарапынан немесе «Кублей» тарапынан тиісті арыз түсуі тиіс еді. Ол болмаса мұндай жағдайларда ымыраға келу мүмкін емес. Судья ымыраға келтіру туралы тараптарды арызды пікір-таласқа дейін қарады. Енді бір күннен кейін сот шешімі шығар алдында соттың шешімін шығарудың орнына мына тараптар ымыраға келсін деп бір күн бұрын шығарылған шешіміне қарама–қайшы келіп отыр. Мынау үлкен қысымды судя көріп отыр», – деді адвокат Бақытжан Базарбек.