Қазақстанда 2027 жылға дейін 20 су қоймасы пайда болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ал 15 қойма жаңартылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты. Ведомство басшысының мәліметшінше, алғашқы 8 жаңа су резервуары Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында пайда болады. Ал қалған 12 су қоймасы екінші кезеңде жүзеге асырылады. Сонымен қатар су ресурстарының ақпараттық орталығы да құрылады.
– Су ресурстары туралы ақпарат автоматты түрде ұсынылады. Гидрометереологиялық мониторинг жүйесін негізінде су тасқыны жағдайларын модельдеуге, трансшекаралық обьектілер бойынша деректерді талдауға мүмкіндік береді, - дейді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Оқи отырыңыз: Алматы ЖЭО газ инфрақұрылымына ауысты