Мұндай мәлімет бүгін тәртіптік кеңесте айтылды
Биыл жарты жылдың ішінде Алматыда 500-ден астам мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда біршама азайыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мұндай мәлімет бүгін тәртіптік кеңесте айтылды. Сондай-ақ, жиында Алматы қаласы әкім аппаратының тәртіптік комиссиясының жұмысын оңтайландыру сөз болды. Яғни, мемқызметшілердің жұмысы бойынша келіп түскен арыз-шағымдарды жан-жақты қарап, объективті түрде тексеру де айтылды.
«Биыл жарты жылдың ішінде 584 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды. Зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша мем қызметшілердің заң бұзушылықтары азайып келеді», – дейді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының міндетін атқарушы Геннадий ДАНИЯРОВ