Қазандағы атыс: Депутат еліміздегі мектептердің күзетіне қатысты пікір білдірді

Almaty.tv
Almaty.tv
Білім беру нысандарын тек бейнебақылаумен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазан қаласындағы мектептердің бірінде болған оқиға Қазақстанда қайталанбайтындай қауіпсіздік қаншалықты қарастырылған? Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына оқу орындарындағы кемшіліктерді атап сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың сөзінше, мектептердегі күзет міндетін көбінесе зейнет жасындағы вахтерлер орындайды. Олармен сыпайы және сенімді сөйлесіп ғимаратқа кедергісіз кіру еш қиындық тудырмайды. Депутаттар сыйымдылығы 3 мыңнан астам адам болатын білім беру нысандарын тек бейнебақылаумен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз деп санайды. 

«Неліктен, бүгінде мемлекеттік органдардың көптеген ғимараттары қол жетпейтін бекініс секілді. Кез-келген агрессивті адамдардың шабуылына төтеп бере алатын әскерилендірілген күзет және бес метрлік қоршаулармен қамтылған. Ал мектептер, мектепке дейінгі мекемелер және олардың аумақтары іс жүзінде, емін-еркін кіріп-шығып жүре беретін орынға айналған», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Андрей Линник.

Новости партнеров