Бастама «Әйелдерден әйелдерге» атты әлеуметтік жоба аясында іске аспақ
Алматыда мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналар өз кәсібін ашуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бастама «Әйелдерден әйелдерге» атты әлеуметтік жоба аясында қолға алынды. Енді 22 көпбалалы ана жеке кәсібін ашып, тұрақты жұмысқа орналаса алады. Жоба олардың өмірін түбегейлі өзгертуді көздейді. Бастамаға еліміздегі қоғамдық қорлардың бірі ұйытқы болған.
«Қазіргі кезде идея бар. Оны жүзеге асыру үшін әрекет етіп жатырмыз. Менің ойымша, аналарға әртүрлі көмек көрсетете аламыз», – деді көпбалалы ана Назгүл Имаділдаева.
Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Үкімет те барынша қолдау жасайтынын айтты. Алып шаһарда осы жылдан бастап аутизмі бар балаларға Инватакси жобасы ашылып, оған 10 көлік бөлінді. Сондай-ақ мүгедектікті ерте кезеңде анықтау мақсатында 300-ге жуық медицина қызметкер оқытылды. Олар қаладағы емханалар мен перзентханаларға жіберіледі.
«Кәсіп ашу бойынша жоба туралы қысқаша мәлімет айтайын. Оларға басқарма тарапынан 400 МРП грант беріледі. Ол бизнес ашуға жақсы мүмкіндік болмақ. Өтініш Достық даңғылы-85 мекенжайындағы жұмыспен қамту орталығында қабылданады», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков.