«Азаматтарға арналған үкімет» өкілі мамандандырылған ХҚКО жүйесінің неліктен істен шыққанын түсіндірді

13.03.2019 23:42

Бұл олқылықтарды жою үшін Ішкі істер министрлігінің мамандары қазіргі уақытта жұмыс істеуде

Tengrinews.kz

Бүгін республика көлемінде көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі уақытша тоқтатылған болатын. Оған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті жүйесіндегі техникалық ақаулар себеп болған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қалалық филиалының өкілі Жаңыл Әпетова мәлімдеді.

«Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" МК-ның мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс іркілісі байқалды. Оның себебі ҚР ІІМ-нің әкімшілік полиция комитетінің базасында ақау болды. Осы қолайсыздықтарға байланысты халықтан кешірім сұраймыз. Бұл олқылықтарды жою үшін Ішкі істер министрлігінің мамандары қазіргі уақытта жұмыс істеуде. Жұмыстың қалыпқа келгені туралы қосымша хабарлаймыз», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Жаңыл ӘПЕТОВА.

Теги: спецЦон