Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев АлматыдағыАҚШ-тың Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Басқосуда тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың бағыттарын, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айта кетейік, екі елдің арасындағы сауда-экономикалық байланыс Қазақстан егемендік алғаннан бері қарыштап дамып келеді. Өткен жылғы тауар айналымы 97 миллиард 424 миллион долларды құраған. Оның ішінде экспорт 65 миллиард долларға жуықтаса, импорт көлемі 32 миллиард 597 миллион АҚШ долларын көрсетіп отыр.