Мәслихат депутаттарының қамқорлығына алғысын білдірген 8 баланың анасы әлі «Алтын алқа» да алмаған екен
Алматылық депутаттар көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының жанынан құрылған «Бақытты отбасы – Алматы» бағдарламасы аясында жасалған жұмыстардың бірі ғана. Мәслихат депутаттарының қамқорлығына алғысын білдірген 8 баланың анасы әлі «Алтын алқа» да алмаған. Тұрмыстың тауқыметін тартқан тұрғындарға көмек көрсету алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
«Наурыз мерекесінің алдында келіп, бізді құттықтап жатқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Балаларға ойыншық, ноутбук, азық-түлік алып келді. Баламның алды 18 жаста, кішкентайы – 1 жастан енді асқан егіз ұлдарым», – деді көпбалалы ана Мейрамгүл БҰХАРБАЕВА.