19 желтоқсанда сағат 17:50 шамасында 8 жасар баланы көлік ағып кеткен еді
Көшеге жарық орнатып беруді сұраймыз. Бұл – 8 жастағы баланы көлік қағып кеткеннен кейінгі Астана тұрғындарының талабы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Күні кеше тас қараңғы көшеде болған жол апатынан кейін жұртшылық жарығы жоқ жол бойын жауап тастаған еді.
Бұл – балаларының үйіне дін аман келуін қалаған көпшіліктің жан айқайы. Жарықтың зары әбден өткен тұрғындардың күні кеше көз алында 8 жасар баланы көлік қағып кетті. Жантүршігерлік жағдайдан сол халық бірден тас қараңғы жолда жауып тастап, талап қойды.
Тас қараңғы жолда темір тұлпар тізгіндеген жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп бара жатқан баланы көрмеген. Кейін көлік астына түскен кәмілетке толмаған қызды дереу ауруханаға жеткізіпті. Дәрігерлер тексергеннен кейін өміріне қауіп жоқтығын айтып, үйіне жіберген. Ал аталған факті бойынша қазір тергеп-тексеру басталды.
Қала билігінен жарықты талап еткен 38-көшенің тұрғындары жаңа жылда жарықсыз қарсы алуы әбден мүмкін. Себебі қазір ол нысанда жөндеу жұмысы жүріп жатыр.
«Бұл мәселе бақылауда. Жақын арада жарық беріледі. Олқылық учаскеде жүріп жатқан көше жарығының құрылысына байланысты болып отыр. Қысқа мерзімде мәселе шешіліп, тұрақты схема бойынша жарыққа қосылады», – деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бас маманы Азамат Қарағозин
Астанада биыл 121 жол көлік оқиғасында баланы қағып кету фактісі тіркелген екен. Салдарынан кәмілетке толмаған жеткіншек көз жұмыпты.
Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы, Астанадан